Хабар телеарнасы

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Дональд Трампқа импичмент жариялауды қолдады

Дауыстар партиялық ұстанымға қарай бөлінді. Бірінші айып «Өз өкілеттігін асыра пайдаланды» деген уәжбен 230 депутат келісті. 197-сі қарсы шықты. Ал «Конгресске кедергі келтірді» деген айыпты 229 өкіл қолдап, 198 депутат оған қарсы дауыс берді. Енді бұл мәселені алдағы уақытта Сенат қарауы тиіс.