Жыл соңында трансформациядан 86 млрд теңге пайда түседі

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Digital Samruk-2019» конференциясы барысында мәлімдеді. Сондай-ақ іс-шарада Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және қордың портфельдік компанияларының басшылары болды. Барлығы 700-ге жуық адам қатысты. Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» және оның серіктес компанияларының цифрлық технологиялар мен «ақылды қалалар» салаларындағы көрмесін де тамашалады.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі:

- Бағдарламаның 2018 және 2019 жылдардағы жалпы экономикалық әсері 600 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы салалары, көлік және тау-кен металлургия секторларында цифрлық технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын жақсартуға мүмкіндік берді.