18:00Эфирде: Новости. Итоги дня
19:00Әрі қарай: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Алматы облысында Ұлттық бірыңғай қабылдау күні өтті

  • Категория: Сюжеттер
Ulttyk biryngai kabyldau

 Өңір халқын тұрғын үй, жер, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығына қатысты проблемалар алаңдататындығы белгілі болды.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың қабылдауына келген 100-ге тарта азамат көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Жұмыс тобы ертеңнен бастап әрбір талап-тілекті тексеріп, тұрғындарға егжей-тегжейлі жауап беретін болады. Бүгінгі жиынның өзінде де бірқатар өтініш оң шешімін тапты.

Бақыт Айсина, қала тұрғыны:

- 2005 жылдан бері 82-ші болып баспана кезегіне тұрғанмын. Содан 2016 жылы инвентаризация болып жатыр деп мені кезектен алып тастаған. Әкім тапсырма берді. Бір аптаның ішінде жауап беріледі.

Диана Айдарханова, қала тұрғыны:

 - Текелі мен Талдықорған қаласында 41 баланың мүмкіндігі шектеулі. Арасында зағип балалар бар. Біздің ең негізгі ойымыз оларға оңалту орталығын ашу. Зағип, дені сау, көз ауруларына ұшыраған балаларға психологиялық, педагогикалық көмек көрсету керекпіз. Бүгінгі жиналыстан біз қолдау таптық.

Сондай-ақ...