19:00Эфирде: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
20:00Әрі қарай: Тұсаукесер! "Келінжан 4"
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Дүниежүзілік балалар күніне орай жаңа маркалар айналымға шықты

  • Категория: Сюжеттер
Duniezhuzilik balalar kuni

«Қазпоштаның» маркалар қатары тағы да жаңа топтамамен толықты.

Бұл жолғы пошта маркасы Дүниежүзілік балалар күніне арналып отыр. Компания ғимаратында салтанатты мөр басу шарасы өтті. Оған ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі мен компания қызметкерлерінің балалары қатысты.

Топтама үш маркадан тұрады. Үшеуінде де бақытты бала бейнесі бедерленген. Суретші Азиз Багировтың қаламынан туған дизайн отбасы құндылығын насихаттайды. Мерейтойлық маркаларға балалардың өзі салтанатты түрде мөр басты.

Қазір әлемде бала құқығын жан-жақты қорғайтын, ең көп мемлекет қол қойған халықаралық деңгейдегі жалғыз құжат бар. Ол – БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы. Құжаттың қабылданғанына биыл 30 жыл. Ал Қазақстанның бұл құжатқа қосылғанына 25 жыл толды.

Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:

- Осыған біз арнайы марка шығардық. Мұның маңыздылығы біздің Қазақстандағы балалар құқығына және олардың бақытты болуына, жақсы өмір сүруіне арналған шара деп санаймын. Біз бұл шараны қолдап отырмыз.

Маркалар 30 мың данамен шығарылды. Бұл бастама «Қазпошта» мен ЮНИСЕФ арасындағы меморандумның шеңберінде жүзеге асып отыр.

Артур Ван Дизен, БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі:

- Мен «Қазпоштаға» ынтымақтастық танытып, мерейтойлық маркаларды шығарғаны үшін алғысымды айтамын. Бұл – біздің балалар құқығын қорғаудағы ортақ жұмысымыздың жемісі. Әрбір бала отбасында тәрбиеленуге, өз арманына жетуге құқылы. Жаңа маркалар арқылы біз осыны көрсетуге тырыстық.

«Қазпошта» компаниясы алдағы уақытта да ЮНИСЕФ-тің бала құқығын қорғаудағы барлық бастамасын қолдауға әзір. «Ал жаңа пошта маркалары ортақ жұмыстың жемісін еске салып тұрады», – дейді.

Сондай-ақ...