Хабар телеарнасы

Қазақстан Республикасының Президенті халыққа алғаш рет жолдау арнады

Ел үшін маңызды стратегиялық мәлімдемені тыңдауға қоғам белсенділері, халық жанашырлары мен журналистер жиналды.

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі:

- Мемлекет басшысы сессияның ашылуында Қазақстан халқына жолдауын жариялау арқылы қаржылық, заңнамалық жоспарлауды, сонымен қатар мемлекеттік атқарушы органдардың күнделікті қызметін – бәрін бір бағытта жоспарлау мақсатында арнайы осындай форматта жүргізіп отыр. Себебі жолдау – атқарушы билік органдары үшін нақты ұстаным, бағыт-бағдар. Ал қоғамдағы мәселелерді шешу үшін, айтылған және бекітілген мақсат-міндеттермен айналысу үшін оған тиісті қаржылық немесе құқықтық қолдау қажет болады. Үкіметке Президенттің жолдауында айтылған жаңа міндеттерді орындауды бірден қаржылық тұрғысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Депутаттарға да өздерінің заң жобаларын дайындау барысында айтылған ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік береді.