18:00Эфирде: «Убить Билла 1» кино
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Атырауда биыл 102 шақырым жол төселеді

  • Категория: Сюжеттер
Атырауда биыл 102 шақырым жол төселеді

Ұзындығы 207 шақырым болатын 205 көше.

Былтыр Атырау қаласы мен оның аумағындағы елді мекендерде асфальт төсеу жоспарланған еді. Алайда мердігер мекеменің жауапсыздығынан жоба жүзеге аспай қалды. Биыл жергілікті билік қосымша қаржы көзін тауып, Атырау қаласы мен іргелес елді мекендерде жол құрылысын толық аяқтауға кірісті.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Теміржол вокзалы мен Атырау әуежайын қосатын даңғылдың ұзындығы 10 шақырым. Бұған дейін көшенің тарлығынан бұл арада көлік кептелісі жиі болатын. Енді күрделі жөндеуден соң әсем, 6 жолақты үлкен даңғыл іске қосылмақ.

Облыс орталығындағы негізгі көшелерде қайнаған құрылыс жұмыстары қарқын алды. Осы жылы Құрманғазы, Бейбарыс, Уәлиханов секілді 8 көше толықтай қайта жаңартылатын болады.

Азамат Нысанбаев, мердігер мекеменің бас инженері:

- 10 метрден 15 метрге дейін кеңейіп, 4 жолақты болады. Бұл жол екі типтен тұрады. Аманшин көшесінен әрі қарай алты жолақ болады. Ал асфальттің қалыңдығы 30 см-ге дейін жетеді.

Сондай-ақ жаңартылған көшелер заманауи озық технологиямен жасақталады. Жарық үнемдегіш диодты көше шамдары, жылы аялдамалар салынады. Жалпы биыл қала мен оған іргелес елді мекендерде 97 көшеге асфальт төселеді.

Ақесен Ыбырайым, ТҮКШ өндірістік секторының меңгерушісі:

- Соның ішінде жаяу жүргінші жолдары, веложолдар, жаңа аялдамалар, жаңа үлгідегі көше жарығы қарастырылған. Ағымдағы жылы Тасқала 3, Дамбы 2, Ақсай 2, Еркінқала 2 көшелерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Атырау қаласы мен оған іргелес елді мекендерде ұзындығы 71,2 шақырым болатын 141 көшеде жол құрылысы жалғасады. Былтыр мердігер мекеменің салақтығынан жоба аяқсыз қалған еді. Биыл жұмысты жалғастыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 49 млрд теңге қарастырылды. «Аталған жобада былтырғы жылдың қателігі қайталанбайды», – дейді жергілікті билік өкілдері.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Сондай-ақ...