+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның транзиттік әлеуеті артып келеді

  • Категория: Сюжеттер
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның транзиттік әлеуеті артып келеді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жұмысымен танысты.

Мұнда жыл соңына дейін 4 жаңа зауыт ашылады деп жоспарланған. Ал 2025 жылға қарай жалпы құны 421 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Мұндағы 3010 шаршы метр аумақты «Қазпошта» АҚ кеден қоймасы алып жатыр. Оның жұмысымен танысуға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов арнайы келді. Қойма іске қосылғалы жүк тасымалының жылдамдығы артты. Бүгінде тауар әуемен 2-3 күнде, ал автокөлікпен 7-12 тәулікте діттеген жерге жетеді. Сондай-ақ бұл қойма пошта операторына түрлі ірі компаниялармен серіктестік орнатуға да зор көмек көрсетеді. Қазіргі таңда «Қазпошта» қытайлық логистикалық компаниялармен түрлі келісім жасасқан. Жалпы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының арқасында көрші елмен тауар айналым көлемі артуда. Биыл қытайлық серіктестер Қазақстан арқылы 400 тоннадан аса тауар жібермек.

Ибрагим Манабаев, «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС бас директоры:

- Таңертең контейнерлік пойыздарға жүк артып бітірдік. Олар Қазақстан арқылы жүреді. Екінші жолда Еуропаға жөнелтілетін тауарлар тұр. Қазір Ақтау портына баратын контейнерлік пойыздарға жүк артылып жатыр. Оның 40 контейнері Иран, 26 контейнері Түркияға жіберіледі.

Биыл сәуір айында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Ақтау теңіз портынан Қазақстанның алғашқы «Түркістан» фидерлік кемесі Баку портына жол тартты. Іссапар барысында Ахметжан Есімов АЭА-да жаңа нысандарды іске қосу жоспарларымен де танысты. Жыл соңына дейін Қорғаста 4 жаңа зауыт ашылады. 2025 жылға дейін жалпы құны 421 млрд теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Авторы: Риат Шони

Сондай-ақ...