18:00Эфирде: «Жас домбыра» концерті
20:00Әрі қарай: Концерт «Жастар әні»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Сенат депутаттары Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді

  • Категория: Сюжеттер
Сенат депутаттары Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді

«Сайлауға түскен үміткерлердің бағдарламаларындағы ел дамуына қатысты айтқан жақсы ұсыныстары алдағы жұмыс жоспарыма енеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің бұл ойын депутаттар қолдап отыр. «Себебі елдің болашағы – баршамызға ортақ мәселе», – дейді сенаторлар.

Бекмырза Еламанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Президентіміз болып сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа арнаған сөзінде басқа да кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларында айтылған ұсыныс пен пікірлер алдағы уақытта жұмыс жоспарына, елдің стратегиялық бағдарламаларында қамтылады деп айтты. Мұның өзі халық тарапынан үлкен қолдау тауып жатыр. Себебі ел болған соң әлі де шешілмей жатқан мәселелер бар.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазақстан Ата заңымызға сәйкес демократиялық даму үстінде. Қазір халықтың әрбір мәселеге қатысты өз пікірін, ойын Үкіметке жеткізуге толық мүмкіндігі бар. Енді «Бұл сайлауда кім жеңді?» деген сұрақ туындайды. Әрине, жеңіске жеткен халық.

Сондай-ақ...