Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Шереметьево әуежайындағы ұшақ апаты салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтты. «Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек жазылып, отбасыларына оралуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.