Хабар телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясаттағы рөлі мен авторитеті жоғары

Солардың бірегейі – Нұрсұлтан Назарбаев. Оны алпауыт елдердің өкілдерінің өзі мойындайды. Елбасы – әлемдік саясатта бір-біріне тіксінген елдерді татуластырған білікті бітімгер. Ол әр елдің аумақтық тұтастығын сақтап қалатын және мүдделі тараптар үшін қолайлы шешім қабылдауда. Дипломатиялық тәсілдерді қолданып, кез келген шиеленісті қарусыз шешіп, бейбіт жолмен келісуге болатынын көп рет дәлелдеді.

Шекарамызды шегендеп, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың нағыз ерлікпен пара-пар сындарлы сыртқы саясатының жемісі. Еліміз екі ірі мемлекет Ресей мен Қытайдың ортасында орналасқаны белгілі. Аспанасты елімен шекараны тек делимитациялау туралы келіссөздер 6 жыл жүргізілді. Қытаймен шекаралас 15 мемлекеттің ішінде іргесін 100% тиянақтап, аражігін ашып алған бірден бір ел – Қазақстан.

Ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу – Қазақстанның әлемдік саясаттағы оң қадамының бірі. Кеңестік әскери арсеналдан мұра болып қалған әлемдегі төртінші ядролық қару елімізге тиесілі еді. Мұндай әлеуеттен бас тарту үлкен саяси ерік-жігерді қажет етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Я считаю, Казахстан, который закрыл полигон, отказался от ядерного оружия, он помог вздохнуть свободно всему человечеству. Представляете, столько оружия в таком государстве. Это могло попасть в руки любого человека. Сегодня я Президент, может быть и другой Президент. С каким настроением, кто придет и что будет с моей страной, и какое будет отношение? Поэтому, мы приняли взвешенное решение убрать эти ракеты.

1991 жылы Қазақстан ядролық қарудан бас тартқанын күллі әлемге паш етсе, 1992 жылы жас мемлекет БҰҰ мүшесі болды. Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде әлемдегі қарулы қақтығыстар ошағы Ауғанстан мәселесін көтерді. Ал 2018 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті. Ал Сирия мәселесін шешуде арағайындық танытты. Астанада 6 мәрте келіссөздер өткізіп, араздасушы мемлекеттердің мәмілеге келуіне атсалысты. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Еліміз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен. Онжылдық үзілістен соң желтоқсан айында Астана саммиті өтті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда ұйымдастырылған. Еуразиялық экономикалық одақ құру бастамасы да Елбасына тиесілі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Экономикалық одақ құру, саяси емес, экономикалық одақ құру дұрыс. Мен бұған зерттеген түрде, білген түрде шын көңіліммен барып отырмын. Себебі бізде басқа жол жоқ. Біз Ресеймен, Қытаймен сауда-саттық жасамасақ болмайды. Беларусь пен Украинамен де жасаған жөн. Оңтүстіктегі ағайындармен де жасағанымыз жөн, әрине. Кейбіреулерінде бізбен сауда-саттық жасайтын еш жағдайы жоқ. Тауарды сатып алатын жағдайы жоқ.

Еліміз көптеген ұйымның белсенді қатысушысы ғана болып қоймай, әлем қауымдастығына өзекті мәселелерді шешу тетіктерін ұсынып, біршама бастаманың басында тұр. Сондықтан Елбасының парасаттылығы туралы пайымдаулар көп.

Леонид Кучма, Украина Президенті / 1994-2005жж./:

- Мен Нұрсұлтан Әбішұлынан көп нәрсе үйренгенімді жасырмаймын. Ол – шынымен ұлы және ақылды адам. Егер біз, яғни басқа саясаттағы басшылық тез-тез шешім қабылдап, кейіннен өкініп жатсақ, Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан өйткен емес. Ол қабылдаған талай шешімнің дұрыс екенін тарихтың өзі талай дәлелдеп берді.

Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы /2007-2016жж./:

- Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті басқарған кезде өз елімен қатар бүкіл дүниедегі бейбітшілік пен тұрақты дамуды ілгерілетті. Әлемдегі ең ұлы көшбасшылар қатарына енгені анық. Аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде және өзге де жаһандық мәселелер бойынша маған кеңес қажет болғанда, үнемі онымен ақылдасып жүретінмін.

Леонид Млечин, РФ Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы:

- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында болған ірі ядролық қарудан бас тартты. Ел аумағында оны сақтап қалғысы келгендер, ал шетелде сатып алғысы келгендер де болды. Осы тұста Нұрсұлтан Назарбаев батылдығы мен көрегендігін көрсетті. Бұл – үлкен іс.

Жаһандану үдерістерінің толастап тұрған кезінде халықаралық сахнаның ойыншылары Қазақстанның пікірі және ұстанымымен есептеседі. Бұл – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты шешімдер қабылдағанының, олардың түптің түбінде дұрыс болып шығатынының айғағы.

Авторы: Гүлмайра Қуатбайқызы