Хабар телеарнасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы ауқымды бастамаларымен есте қалады

1991 жылдың 29 тамызында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Осылайша Қазақстан әлемде күштілігі жағынан 4-орын алатын арсеналдан бас тартты.

1993 жылы ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді. Астана әлемдік саяси аренаға да айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елордада 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті.

2015 жылы Елбасы бастамасымен Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Тағы 2017 жылы әлем назарын өзіне аудартқан EXPO халықаралық көрмесі өтті. Бұдан бөлек дауласқанды татуластыратын Президенттің сарабдал саясатымен Астанада Сирия дағдарыс шешуге арналған келіссөздер жүргізілді.

Ең маңызды саяси жағдай – еліміздің БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі атануы. 2018 жылдың қаңтарында Қазақстан аталмыш ұйымның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті.