Қазақстандық бал Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады

Елімізде тәтті тауардың жылдық көлемі 15 мың тоннаға жеткен. Оның тек жартысы ғана экспортталады. Бұдан былай өнім өндірістік көлемде сыртқа сатыла бастайды. Өскеменде Қазақстан, Түркіменстан және Ресейдің омарташылары жиналып, бал өндірісінің ортақ стандарттарын бекітті. Енді оларды сақтау үшін жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында бірегей ветеринарлық зертхана ашылуы тиіс. Оның тексерісінен сүрінбей өткен өнім ешбір қосымша сертификатсыз шетелге сатыла береді.

Владислав Волков, омарташы:

- Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ақпарат алмасып отыру үшін ортақ база құрамыз деп келістік. Оңтүстік пен солтүстік алшақтығына қарамастан нарықта не сұранысқа ие екенін біліп отыруымыз керек.