Хабар телеарнасы

Жайықта балықтың қырылуына қатысты Бас прокурорға сауал жолданды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық қадағалау және бақылау комитетінің зерттеуі балықтардың қырылуына аммиактың улы әсері себеп болуы мүмкін екенін анықтады. Жайықтан былтыр желтоқсаннан бастап 111 тоннадан астам өлі балық жинап алынды.

Артур Платонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір әлі күнге иесіз қалған және апатты мұнай кен орындары кәсіпорындарында тексеріс жүргізілуде. Бірақ ресми қорытынды жоқ. Тонналап өлі балық табылған өзен суының қауіпсіздігін әлі де зерттеу қажет, себебі халық тұтынады.