16:00Эфирде: Кино «Я люблю тебя»
18:00Әрі қарай: Мегахит «Коломбиана»
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Тасқынның алдын алу үшін 42 пойыз жасақталды

  • Категория: Сюжеттер
Тасқынның алдын алу үшін 42 пойыз жасақталды

Шойын жолдағы қозғалысты қамтамасыз ету үшін көктемгі су тасқынына қарсы 42 пойыз әзір тұр.

Бұл туралы Ұлттық тасымалдаушы компанияның қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры мәлімдеді.

Марат Шәкеновтың айтуынша, қар қалың жауған аймақтарға қиыршық тас пен түрлі жабдықтар тиелген 314 вагон жеткізіліпті. Сондай-ақ 6 мың су құбыры қоқыс пен мұздан тазартылып, 85 су қоймасы тексерілген. Алдын ала болжамға сай, 673 қауіпті орын анықталды. Басым бөлігі Шығыс, Батыс, Солтүстік және Ақтөбе облыстарында. Бұл аймақтар қатаң бақылауда. «Енді барлығы ауа райына байланысты», – дейді мамандар.

Марат Шәкенов, Ұлттық тасымалдаушы компанияның қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры:

- Төтенше жағдайға арнайы пойыздар дайын. Олар 3 аймақ бойынша бөлінген. Шиыршық, үлкен тастар, т.б. жасақталған. 1 сәуірге дейін солтүстік аймақ бойынша бүкіл пойыздар қамтамасыз етіліп болады.

Сондай-ақ...