03:53Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қарағандыда тұратын 350 мүгедек мемлекеттен берілетін көмектен қағылды

  • Категория: Сюжеттер
Қарағандыда тұратын 350 мүгедек мемлекеттен берілетін көмектен қағылды

Құлағы нашар еститін жандар енді бір ай бойы сурдоаудармашылардың қызметіне жүгіне алмайды.

Өйткені тендер уақытылы өткізілмеген. Осыған алаңдаған жұрт тиісті мекемеден мәселенің мәнісін түсіндіруді талап етті.

Қарағандыда құлағы нашар еститін 350-ге жуық адам сурдоаудармашының көмегіне мұқтаж. Кейбіріне ауруханаға барып ем алу керек болса, енді бірі банкте несие рәсімдеуі мүмкін. Бұған қоса нотариустағы және Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы шұғыл жұмыстарын шешу керек. Өкінішке қарай, мүгедектер бұл көмектен қағылып отыр. Ал 20 сурдоаудармашы жұмыссыз қалған.

Альбина Ахатова, сурдоаудармашы:

- Біз 1 наурыздан бастап жұмыссыз қалып отырмыз. Яғни біз осы сөйлемейтін адамдарға сурдоаударманы жасамаймыз. Жұмыс істегіміз келіп тұр, бірақ бізде ешкіммен келісімшарт жоқ. Жылда қайталанады.

Мамандардың айтуынша, қаңтарда сурдоаударма қызметін көрсететін қоғамдық ұйымдар арасында екі мәрте тендер өткізілген. Алайда құжатта шикілік кеткендіктен, ол заңсыз деп танылған. Кейін 28 ақпанда байқау үшінші рет жарияланған. Енді оның қорытындысы наурыздың 20-сында белгілі болмақ. Ал ол қаржы сурдоаудармашыларға жеткенше кемінде бір ай уақыт керек. Сондықтан бөлім басшылары мәселені жедел түрде шешудің басқа жолын ұсынып отыр.

Бақытнұр Тәліпова, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары:

- Бұл мәселені жеке келісімшарт жасау арқылы шеше аламыз. Сондықтан бұл кісілерге айтып тұрғаным сол. 20 наурызға дейін әрбір мүгедектің баратын жеріне ымдау тілі маманының аудармасын жасау, тек қана сол бағытпен ғана шеше аламыз. Басқадай шешетін мүмкіндік жоқ. Өйткені ол ақша конкурсқа салынып қойған.

Тендердің әлегі әлеуметтік саладағы өзге де мамандарды әбігерге салып отыр. Мәселен, мемлекеттік сатып алу байқауының кеш өткізілуінен мүгедектер таксисіз қалған. Бұған қоса әлеуметтік көмекшілер де жұмысына кірісе алмай отыр.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Сондай-ақ...