03:53Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қазақстан халықаралық қауымдастық алдында өз міндетін абыроймен атқарды

  • Категория: Сюжеттер
Қазақстан халықаралық қауымдастық алдында өз міндетін абыроймен атқарды

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2 жылдық мүшелігі кезінде Елбасы айқындаған 7 басымдықты толық жүзеге асырды.

Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі осылай баяндады. Министрдің айтуынша, Қазақстан өз миссиясын абыроймен орындады. Президенттің сыртқы саясаттағы белсенді қызметінің арқасында көп жетістікке қол жеткізілді.

Мәселен, Қазақстан соңғы 7 жылда алғаш рет Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің Ауғанстанға сапарын ұйымдастырды. Ливанға 120 жауынгерден жасақталған бітімгерлік ротасын жөнелтті. «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы, «Әл-Каида», «Талибан» қозғалысына қарсы санкциялық комитеттердің жұмысын бір жолға қойды.

Норимаса Шимомура, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:

- Соңғы 20 жылда Қазақстан өзінің экономикалық даму моделімен, бейбітшілікті нығайтудағы жаһандық бастамаларымен әлемнің көп еліне үлгі болып келеді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі кезінде Сомали мен Эретрия мәселесі бойынша, «Ирак және Левант», «Әл-Каида» лаңкестік ұйымдары бойынша комитеттердің төрағасы ретінде көп мәселені шешуге атсалысты.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Екі жыл көлемінде барлығы мыңнан астам әр түрлі халықаралық кеңестер, шаралар өткізілді. Негізгі бағыт ядролық қарусыздандыру, қаруды болдырмау, қақтығыстарды болдырмау, әсіресе Орталық Азия, Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселелері қаралды. 600-ден астам дөңгелек үстел өткізілді. Бұл үлкен жеңіс, үлкен жетістік болды.

Сондай-ақ...