Хабар телеарнасы

Инфляция деңгейі 11,8% дейін төмендеді

Өткен 9 айдың қорытындысы осындай. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және республикалық бюджеттің атқарылу қаралды. Негізгі көрсеткіштер Абай, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында жоғарылаған. Сыртпен жасалатын сауда-саттыққа қатысты да сандар жарияланды. 51 млрд доллардың тауарын экспорттаппыз. Оның үштен бірі — өңделген тауар. Ал шамамен 40 млрд доллардың тауарын импорттаппыз.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
-9 айдың қорытындысы бойынша экономикасының өсуі өткен жылмен салыстырғанда 4,7% құрады. Нақты сектор оң динамика көрсетіп отыр. Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық саласында өсу қарқынын арттыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет.