Хабар телеарнасы

Елордада «Иннопром Қазақстан» халықаралық көрмесі басталды

Алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды шараға отандық кәсіпорындармен қатар Ресей, Беларусь пен Қырғызстанның бизнес өкілдері қатысып жатыр. Келушілер назарына металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс пен фармацевтика салаларындағы өнімдердің кең таңдауы ұсынылған.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші: 
-Көрмедегі әр дүние жылдар бойғы ізденіс, ғылыми жұмыстардың нәтижесі. Сол өнімдерін әр өндіруші осында әкеліп таныстырып жатыр. Мәселен, мынау тоңазытқыш – өндірістік мақсатта қолданылатын құрылғы. Атап айтқанда метталургиялық зауыттарда мыңдаған градустық температурада істейтін пештерді салқындататын құрал екен. Бұл Қазақстанда жасалып жатыр.

Таныстырылымдағы тоңазытқыштың шағын үлгісі. Шынайы түрінің салмағы – 1 тонна, ал биіктігі мен ұзындығы бірнеше метрді құрайды. Отандық өнім отандық шикізат Жазқазағанның мысынан дайындалады. Дәл осы материалдың энергия өткізгіштік қасиеті жоғары.

Сергей Качурин, компания өкілі
- Мұндай өнімді осы уақытқа дейін отандық кәсіпорындар шетелден алып келген. Қазір ішкі нарыққа өзіміз дайындап бастадық. Бұдан бөлек Қазақстандағы көлік зауыттары үшін мыс пластинкалар шығарамыз. Зауыттың жылдық қуаты 600 тонна. Сұраныс болса экспортқа жіберуге де әзірміз.

Шараның мақсаты да сол сауда ынтымақтастығын кеңейту және өзара тәжірибе алмасу. Көрмеде әр қадам сайын жаңа өнім түрін немесе бұрыннан бар дүниенің жетілдірілген үлгісін жолықтарасыз. Қазақстандық кәсіпкерлер тіпті антидрон шығаруды жолға қойыпты.

Әбілқайыр Олжабаев, компанияняң бас директоры: 
- Заттардың бәрін өзіміз өндіріп, технологиясын өзіміз ойлап таптық,  бұлар 15-3 км дейін ұстайды. Дронға байланысты Қазақстандық үлес 50-90% дейін жетеді.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші: 
- Көрмедегі келесі бұрыш – медициналық құралдар бөлімі. Осы жерде ерекше мүмкіндік туып тұр. Мына құрылғы көмегімен көз ауруларына скрининг жасауға болады. Байқап көрейік.
- Санаулы секунд. Менің көзжанарыма қатысыты қандай диагноз шығаруға болады.

Еркебұлан Жәнібекұлы, жоба авторы: 
- Дианозды мен қоймаймын. Мына аппаратқа түсірілген сурет базаға түседі де мамандар қашықтықтан дианоз береді. Жүйе толық өзіміздің қазақстандық.

Көрмеде сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан мен Ресейлік өнімдерде бар. Олардың бірқатарымен Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қатысушы елдердегі әріптестерімен бірге танысты. Шара аясында пленарлық сессияда ұйымыдастырлды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 
- Қазіргідей экономикалық сын қатерлер жағдайында өзара іс-қимылдың осындай форматы орнықты дамытудың маңызды құралы болып табылады. Бүгінгі ауқымды шара өзара тиімді ынтыматастыққа және алдымызда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге ықпал етеді.

Алғашқы «Иннопром Қазақстан» халықаралық көрмесінің өзі айтарлықтай ауқымды деңгейде ұйымдастырылды. 12 мың шаршы метр аумақта 300 компанияның өнімі қойылған. Шара қыркүйектің 27 дейін жалғасады.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Аян Сәрсенбаев