Хабар телеарнасы

Жолдау 2023: Агросекторға қатысты міндеттер қалай іске асырылады?

Агросекторға қатысты Жолдауда жүктелген басқа да міндеттер қалай іске асырылады? Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, инвестициялық субсидиялар шеңберінде өнімдерді терең өңдеуді ынталандыру шаралары әзірленіп, салық саясаты қайта қаралмақ.

Ал машина-трактор паркін жаңарту мақсатында «Жасыл Даму» қаражатынан ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр. «Білім-ғылым-өндіріс» тиімді жүйесін қалыптастыру үшін зерттеу университеттерінің рөлін күшейте отырып, дамыған елдердің тәжірибесі бойынша аграрлық ғылым жүйесіне реформа жүргізіледі.

Сондай-ақ 2024-2028 жылдарға арналған селекция және тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары бекітіледі.