Хабар телеарнасы

Әлем биржаларындағы жағдай әлі де тұрақсыз

Нью-Йорк қор биржасында Dow Jones өнеркәсіп индексі 0,38%, ал S&P 500 0,20% төмендеді. Инвесторлар АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені өсіреді деп алаңдап отыр. Акциялар бағасының түсуіне Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда текетіресі де әсер еткен. Сарапшылар «2023 жыл жаһан экономикасы үшін қиын болмақ», — дейді. Қытайдың логистика федерациясының дерегінше, әлемде іскерлік белсенділік 4 ай қатарынан бәсеңдеп барады. Экономистер «бұған геосаяси қақтығыстар, қор нарығындағы тұрақсыздық және сауда кедергілері себеп», — дейді. Дүниежүзілік экономикалық форум жүргізген сауалнамаға сәйкес, сарапшылардың 45% жаһандық экономика рецессияға түседі деп болжап отыр.