Хабар телеарнасы

Елімізде орақ науқаны аяқталуға жақын

Биыл алынған өнім былтырғымен салыстырғанда едәуір көп. Бүгінде республика бойынша 15,5 млн тонна бидай, 1 млн тонна майлы дақыл алынды. Ал көкөніске 4,2 млн тонна жиналды. Оның ішінде 3,2 млн тонна картоп алынды. Биыл еліміз 18 млн тоннадан астам астық жинауды жоспарлап отыр.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 
-Биылғы жылғы науқан жақсы қарқынмен өтіп жатыр. Өнімділік өте жоғары. Орташа алғанда соңғы 5-7 жылдың өнімділігіне сәйкес жоғары болып отыр. Негізі осы таңда біз 96% алқаптарда дақылдардың бәрі жиналды. Сол себептен көкөніс болсын, дәнді дақылдар болсын өз-өзімізді қамтамасыз етуге толықтай өнім жеткілікті. Көршілес елдерде болып жатқан жағдайлар әсер етпейді.