Хабар телеарнасы

Экономист: ОПЕК ұйымы ыдырауы мүмкін

Арман Байғановтың айтуынша, бұл ұйым әлемдік мұнай нарығын реттеуге шамасы жетпей жатыр. Сондықтан мұнай өндіруші компаниялардың басым бөлігі банкротқа ұшырамай, баға соғысы жалғаса береді. Бұл өз кезегінде нарықта «қара алтынның» азаюуына әкеледі. Салдарынан баға тағы шарықтайды. «Бірақ экономикасы мұнай шикізатына тәуелді елдер үлкен шығынға батуы мүмкін», – дейді маман.

Арман Байғанов, экономист:

- ОПЕК ұйымы ыдырауға жақын тұр. Қазір күштінің заманы. Яғни алпауыт мұнай компаниялары өмір сүре береді. Олар өндіру көлемін арттыруды тоқтатпайды. Сауд Арабиясы да, Ирак та, өзге компаниялар да осылай істейді. Біз 2015-2016 жылдардағы жағдайды көруіміз мүмкін. Ол кезде мұнай бағасы қысқа уақытта 30 долларға дейін түсіп кеткен еді.