Хабар телеарнасы

«IT FEST-2023»: жаңа жобалар көбейеді

Жоба жасап, грант ал. 10-11 сынып оқушыларына жақсы мүмкіндік. Бүгін елордада IT FEST-ке қатысқан студенттер мен ұстаздар да 8 бағыт бойынша бақтарын сынады. Тарқатсақ. Бірі, өңірлер арасында қатынайтын автобустардың бағытын көрсетіп, билетті онлайн сатып алатын қосымша ұсынды. Бірі өрттің өршуін бақылап, дер кезінде оң шешімді ұсынатын жоба таныстырды. Алматыдан арнайы келгендер қазақ дәстүрін әлемге ойындар арқылы таныстыруға ниетті екен. Яғни әдибеттен ғана кездестіретін кейіпкерлерді ойыннан көресіз. Жоба авторларының айтуынша, демо нұсқасын жасауға 1 жыл уақыт кетіпті. Қолдау тапса STEAM платформасы арқылы әлемнің кез келген нүктесіндегі ойыншыларға қолжетімді болмақ.

Қуаныш Болат, ұйымдастырушы:
-ЖОО арасында, мектеп арасында networking жүреді. Бір-бірімен тәжірибелер алмасады. Мектеп оқушыларына грант ұтып алуға мүмкіндік беріледі. Студенттерге жаңа мүмкіндіктер, инвесторлар және өз-өзін сахнада ұстау мәдениетін үйрене бастайды. Биыл студенттерге 1-орынға 250 мың теңге, 2-орынға 200 мың теңге, 3-орынға 100 мың теңге қаржылай сыйақыларымыз бар.

Назым Жұмабаева, жоба авторы:
-Ойын барысында ойыншы әртүрлі кейіпкерлермен танысады. Түркі және қазақ мифологиясынан жезтыртақ, албасты, мыстан кемпір, жалмауыз кемпір сияқты. Біз Қазақстан туралы, қазақ мәдениеті туралы, дәстүрлері туралы ойын жасап, әлемге насихаттағымыз келеді.