Хабар телеарнасы

«Абай оқуларының» жеңімпазы анықталды

Елордада VI «Абай оқулары» байқауының марапаттау рәсімі өтті. Жыр аламанына еліміздің түкпір-түкпірінен әскери мамандар, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, оқушылар мен бүлдіршіндер қатысқан. Қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жатқа оқып, бақ сынағандардың саны 400-ден асады. Белсенділік жағынан Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстары басым болыпты.