Хабар телеарнасы

Отандық инноваторлар әлемдік нарыққа шығып жатыр – Салжанов

Отандық инноваторлар енді әлемдік нарыққа шығып, Tesla-мен жарысып, Amazon сияқты алыптармен иық тіресуі мүмкін. Мұны Nobel Fest халықаралық фестивальінің ашылуында қазақстандық кәсіпкер және меценат Исламбек Салжанов айтты.

Халықаралық іс-шараға Нобель сыйлығының 15 лауреаты, 100 әлемдік ғалым, 50 астам бизнес көшбасшы қатысты. Оған қоса жасанды интеллектіні дамыту - Президенттің Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі. Қазақстан стартаптар құрып, инновациялық өнімдер мен қызметтерін әлемдік нарыққа шығып жүр. Жиналғандар жастарды осы саладағы мамандықтарды меңгеруге және салалық тенденцияларды назарда ұстауға шақырды. 

Исламбек Салжанов, Nobel Fest консультативті кеңесінің төрағасы: 
- Баршаңыз білесіздер, жақында Мемлекет басшысының Жолдауы болды. Қазақстан болашақта инновациялық мемлекет болуы керек, дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі керек деген Жолдауында айтты. Сол себептен мынау болып жатқан шара, сол жоспарға жетуге үлкен бір үлесін қосады деген сенімдемін. Әлемнің ең мықты ғалымдары келіп өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі.