Хабар телеарнасы

«Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітап жарық көрді

Туынды ақынның 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел аясында оқырманға таныстырылды. Автор Абай Шарапиевтің айтуынша, кітапта ғұламаның өмірі мен шығармашылығы жаңа қырынан баяндалады. Еңбек бұрын-сонды жарияланбаған деректерімен құнды. Мәселен, ойшылдың емшілік қасиеті болғанын көп ешкім біле бермейді. Сондай-ақ көріпкелдігі туралы да осы жинақта жан-жақты айтылады.

Абай Шарапиев, кітап авторы:
-Бұл кітап Мәшһүр бабамыздың өмір жолы, шығармашылығы бәрі зерттеліп жатырғой. Ал бұл кісінің батагөйлігі, емшілігі, көріпкелділігі зерттелмей кешеуілдеп шығып жатыр. Сондықтан мен осы кітапты бабамызды көрген, бірге болған нақты батасын алып бұл дүниеге өмірге келген ақсақалдардың естелігін жинап, 2000 жылдан бастап қағазға түртіп жүрдім.