Хабар телеарнасы

Мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесі басталды

Жаңа оқу жылынан бастап алғаш рет мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың жекелеген санаттары тегін тамақтанады. Ал мектеп оқушыларына 740 мың орынға шақталған 370 жуық жайлы мектептің құрылысы басталады.

Ұлттық жобаның орындалуына 2,5 трлн теңге бөлінеді. Қазір құрылысқа жауапты мердігерлер анықталып жатыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан ұстаздардың тамыз кеңесінде айтылды. Жиынға 600 жуық педагог офлайн, 10 мыңнан аса ұстаз онлайн қатысты. Екі күнге жалғасатын шарада білім беру саласындағы өзге де өзекті мәселе қаузалады. 

Қасым Сенғазыев, Астана қалалық білім басқармасының басшысы: 
- «Жайлы мектептерді» салғаннан кейін оның ішіндегі тәрбие мен білімге де көңіл бөлініп жатыр. Секция жұмыстарында ата-аналармен бірлесіп, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, педагогтармен инновациялық бағыттағы білім беруді және жайлы мектептердің нормативтік құқықтық базаларын талқыланып жатыр қазір.