Хабар телеарнасы

Астанада «Тағдыр» кітабының тұсауы кесілді

Өткен ғасырдың басындағы астаң-кестең заман теперіші қазақты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашты. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағы қазақтарының тарихы да сан қилы. Қоғам қайраткері, жазушы Үзбен Құрманбайұлының «Тағдыр» деп аталатын туындысы туған жері ғана емес, ұлт тағдыры жайлы тебіреністерден тұрады. Кітапта өткен ғасырдың соңындағы Алтайдан Атамекенге ауған көш жайында баяндалып, қазіргі өзекті мәселелер қозғалады. Автор мейірімді қоғам құрудың пәлсапалық түйінін ойластыра келе, еліміздің алға қарай қарыштап дамуы үшін қажет қадамдарға да тоқталады. 

Үзбен Құрманбайұлы, кітап авторы: 
-Енді біз алға қарай қалай дамуымыз керек? Қандай жолды ұстауымыз керек? «Біздің алдымызда осы ізгіліктің сондай бір дұрыс жолы бар ма, жоқ па?» деген тұрғыда осы «Тағдыр» кітабын жаздым. Айналып келгенде тәуелсіздіктің арқасы ғой, бар қазақ бір қазақ болайық деген идея көтерген кітап бұл.