Хабар телеарнасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін заманауи үстел ойындары арқылы оқытуға болады

Семейде өткен стартап-жобалар байқауында қаладағы университеттердің бірінің оқытушысы осындай ерекше жоба ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа 20-дан астам жұмыс түскен. Бұған дейінгі байқау жеңімпаздары 10 миллион теңгеге коворкинг орталық ашу, мобильді қосымша, ғимаратта балық өсіру сынды жобаларды сәтті жүзеге асырған. Ал биыл жобасы үздік деп танылғандарға қолдау ретінде 30 миллион теңге беріледі.

Райымбек Нұрбаев, байқауға қатысушы:
-Үстел ойындарын қазақ әдебиетіне икемдесек дейміз. Қазір ежелгі дәуір әдебиеті мен 19 ғасыр әдебиетінің үлгілерін алмақшымыз. Ойын әдісі біздің ойымызша, балаларға қызықты болады. Оларға білім ғана емес, мотивация, ынта-жігер беруді ойлаймыз.

Берікхан Иісбекұлы, ғылым департаментінің директоры:
- Мақсатымыз – ғалымдарды қолдау, студенттердің жобасына алғашқы қаржылай көмек көрсету. Осы жобасын министрліктерге ұсынып, грант ұтып жатқандар да бар. Бұл бізді қуантады.