Хабар телеарнасы

Қытайлар қартайып барады

Ресми статистикаға сәйкес ел тұрғындарының 21% жасы 60-тан асқан. Бұл зейнетақы қорының сарқылуы, жұмыс істеуге қабілетті адам санының азаюы, бала туу көрсеткішінің төмендеуі сияқты күрделі демографиялық проблемаға алып келді. Мұның бәрі елдегі 1980 жылдары қабылданған «Бір отбасыға бір бала» саясатының кесірі. Жалғызбасты қарттарға күтім жасау, қоғамда күрделі мәселеге айналды. Ел жастары қарияларға қарауға құлықсыз. Басым көпшілігінде уақыт жоқ. Қарттар үйі көбейген. Күтім жасау қызметіне сұраныс жоғары. Елдің демографиялық саясатында түбегейлі өзгерістер болуы мүмкін.

Лу Чжиюань, ҚХР Азаматтық істер жөніндегі министрі:
-Үкімет үй жағдайында қызмет көрсету әдістерін дамытуды жалғастырады. Сонымен қатар қоғамдық мекемелер мен қарттар үйінің жұмысын үйлестіру мәселесіне күш саламыз. Бос уақытты тиімді өткізу орындары мен қоғамдық асханаларды көптеп ашу қажет.