Хабар телеарнасы

Мәскеу көрерменіне «Ұждан» қойылымы ұсынылды

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры Мәскеу көрермендеріне Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай қойылған спектакльді ұсынды. Ойшылдың «Ұждан» әңгімесінің желісі бойынша сахналанған әфсана, «Подмосковные вечера» атты халықаралық театральды фестивальдің аясында көрсетілді. Спектакль қазақ тілінде қойылды. Экс­пери­менттік-философиялық қойылымда ар-ұяттан айырылған қоғамның хайуан күн кешіп, азып-тозып бара жатқан күйі көрсетіледі.

Бауыржан Манатбекұлы, актёр:
-Ұждансыз өмір, арсыз, ұятсыз қоғам пайда болғандағы адам адам кейпінде қала алады ма? Сол мәселелер көтерілген. Қазақ халқының басынан өткен небір қиын тұстары да бейнеленген. Ол ашаршылық жылдары қазақ зиялыларының жазықсыз жалаға жабылуы.