Хабар телеарнасы

Афина қаласының ең биік жерінде Қазақстан байрағы желбіреді

Республика күнінің құрметіне Афина қаласының ең биік жерінде Қазақстан байрағы желбіреді. Туымызды Ликавитос шыңында 277 метр биіктікте көтерді. Гректердің ежелгі киелі жерінде байрағымызды орнату - екі ел арасындағы достық байланыстың символды мәні. Ерекше шараны Қазақ-Грек іскерлік Кеңесі ұйымдастырған. Бұл сауда, инвестиция және мәдениет салаларында қос мемлекет арасында ынтымақтастықты дамыту үшін құрылған ұйым.