Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Индонезиядағы айтулы күнді біздегі елшілік те атап өтті. Салтанатты жиынға дипломатиялық миссия және Шығыс Азия елдерінің қауымдастығына кіретін Малайзия, Тайланд, Вьетнам мемлекеттерінің өкілдері қатысты. Биыл Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық байланысқа 30 жыл толып отыр. Шарада екі ел арасындағы серіктестікті дамыту жайы сөз болды. Қазіргі таңда тікелей әуе рейстерін қосу жоспарланған.

Мохамад Фаджрул Рахман, Индонезияның Қазақстандағы елшісі:
-Тікелей рейс біздің экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынасымызды айтарлықтай нығайтады. Қазір де сан саладағы екіжақты байланыс қарқынды дамып келеді. Тиісінше Астана мен Индонезияның болашақ астанасы Нусантара өзара түсіністік туралы меморандумға да қол қойды.