Хабар телеарнасы

Екатеринбургте Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Салтанатты шарада Премьер-Министр Әлихан Смайылов Свердлов облысының губернаторы Евгений Куйвашевпен бірге жаңа нысанның қызыл лентасын қиды. Айта кетейік бұл дипломатиялық орталық Орал федералды округіндегі Свердлов, Челябі, Қорған, Түмен облыстарын, сонымен қатар Пермь өлкесін қамтиды. Бұл аумақта жалпы 90 мыңнан астам қазақ, оның ішінде Қазақстаннан келген 7 мыңнан астам студент бар. Екатерингбург Ресейдегі өнеркәсіп, ғылым-білім, көлік-логистикалық және қаржы орталықтарының бірі. Тиісінше Үкімет басшысы бұл консулдықтың ашылуы біздің достық қарым-қатынастарымыздың дамуына елеулі серпін береді деп, оның қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.