Хабар телеарнасы

«Титан» батискафы сынықтары арасынан адам қалдықтары табылуы мүмкін

«Титан» суасты аппаратының қалдықтары табылды. Мамандардың сөзінше, батискафтың сынықтары арасында адам денесінің бөлшектері болуы мүмкін. Жарылып кеткен суасты көлігінің қалдықтары кранның көмегімен көтеріліп, Сент-Джонс айлағындағы жүк көлігіне тиелді. Апатты жан-жақты зерттеу үшін бұл қалдықтардың маңызы зор. Сүңгуір қайықтың бортында болған 5 адам қаза тапқан. Олар 3 мың 800 метр тереңде жатқан «Титаник» кемесін көруге аттанған еді. Мұхиттың түбіне түскен соң 2 сағаттай уақыт өткенде батискафпен байланыс үзілді. Іздеу операциясы кезінде оның корпусы мен артқы жағының бөлшектері ғана табылған.