Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Иран арадағы сауда-саттықты 3 млрд долларға жеткізуге ниетті

Бұл туралы екі елдің кәсіпкерлері бас қосқан бизнес форумда айтылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша ортадағы сауда айналымы 19,8% өсіп, 528 млн долларға жеткен. Қазақстан Иранға негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтсақ, бидай, арпа, сұлы секілді дәнді дақылдар мен өсімдік майларын жөнелтсе, бізге ол жақтан көкөністер мен жемістер, құрылыс материалдары мен мұнай өнімдері әкелінеді. Форумда кәсіпкерлер саладағы түрлі мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық серіктестікті одан әрі дамыту жайлы сөз қозғады.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
-75 түрлі тауарды дайындап, 225 млн долларға экспортты үлкейтуге мүмкіндігіміз бар. Қазақстанда қазір Иран капиталымен, осы Иранмен бірлесіп 511 компания жұмыс істеп жатыр. Бұл компаниялар негізінен осы ауыл шаруашылығы, кен өндіру саласында және экспорт-импортпен айналысатын компаниялар.