Хабар телеарнасы

Абай облысындағы өрт: шетелдегі елшіліктерде ту төмен түсірілді

Жалпыұлттық аза тұту күнінде шетелдегі отандастарымыз да жерлестерінің қайғысына ортақтасып жатыр. Бүгін Түркияның Анкара мен Ыстамбұл, Анталия қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерінде туы төмен түсірілді. Ал Түркияның Сыртқы істер министрлігінің ресми хабарламасында «Абай облысындағы өрт салдарынан 14 орманшының қаза табуы туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадық» делінген.