Хабар телеарнасы

Канададағы табиғи апат көршілес елдерге де әсер етіп жатыр

Алапат өрттің түтіні АҚШ-тың біршама аймағына тарап, ауа ластанды. Арнайы мониторинг жасайтын IQ-Air платформасының мәліметінше, Канадамен көршілес жатқан Нью-Йорк пен Детройтта ауаның ластануы әлемдегі ең нашар көрсеткішке жеткен. Елдегі 75 миллионға жуық адам қауіпті ауамен тыныстауға мәжбүр. Тұрғындарға көшеге шықпай үйде отыру жөнінде хабарлама жасалды. Орман өртінің түтіні әуе қатынасына да кедергі келтірді. Ал Канадада қызыл жалынмен күрес әлі жалғасып жатыр. Тілсіз жаудан елдің 10 провинциясы қатты зардап шеккен. Соңғы мәлімет бойынша, өрт 4 миллион гектардан астам алқапты шарпып, ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.