Хабар телеарнасы

Әлемде жылына 50 млн кісі адам саудасының құрбаны болады

Мұның алдын алу — бүгінгі күнгі басты мәселе. Осы мақсатта Алматы Халықаралық әуежайының қызметкерлері арнайы тренингтен өтті. Семинарды АҚШ Халықаралық даму агенттігінің өкілдері өткізді. Олардың айтуынша, арнайы құжат арқылы түйіткілдің түйінін тарқатуға болады. Сондықтан қазір «Адам саудасына қарсы күрес туралы» алғашқы заң жобасы әзірленіп жатыр.

Альбина Тортобаева, USAID Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасының қазақстандағы жетекшісі:
-Ол жерде басты терминдар болады. Яғни адам саудасының құрбаны, қандай нысандар бар, қай органның рөлі қандай болады, қалай органдар бірге жұмыс істеу керек барлығы жазылып тұрады. Өте үлкен комплексті бізде шешім болады деп сенемін. 

Татьяна Захарченко, әуежай қызметкері:
-Мен осы әуежайда 20 жылдан аса қызмет етіп келемін. Төрт күндік семинарда біз жолаушыларды бет-бейнесіне, өзін-өзі ұстауына қарап қауіпті анықтауды үйрендік. Сонымен қатар бізге күдікті жолаушылармен дұрыс байланыс орнатуды да көрсетті. Мұндай семинарға бірінші рет қатысып отырмын.