Хабар телеарнасы

Солтүстік Кореяда COVID-19 инфекциясы тіркелмеген

Солтүстік Кореяда COVID-19 инфекциясы тіркелмеген

Ол бұл туралы билеуші Еңбек партиясының саяси бюросының отырысында мәлімдеді. Соған қарамастан, Ким Чен Ын елде эпидемияға қарсы жұмысты күшейтуді жалғастыру керек екенін ескертті.

Жыл басында Пхеньян билігі барлық халықаралық тасымалды жауып, шетелдік туристердің елге кіруіне тыйым салған еді. Сонымен қатар жиналыстарды кейінге шегеріп, тұрғындарды қоғамдық орындарда бетперде тағуға міндеттеген. Ал COVID-19 белгілері бар адамдар карантинге жабылды. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі 900-ден астам адамның коронавирусты анықтау бойынша тестіден өткенін және олардың бір де біреуінен COVID-19 анықталмағанын айтты.