Хабар телеарнасы

Чилиде 3D принтерде басылған бетперделер шықты

meditsinalyk maska

Ерекшелігі: оны 3D принтерде басып шығаруға болады. Ал жоба мақсаты – әлемдегі маска тапшылығын төмендету. Жоба авторларының айтуынша, бір бетпердені әзірлеуге 5 сағаттай уақыта кетеді екен. Қазір бұл жобаны жергілікті Денсаулық сақтау институты мақұлдап, оны жаппай шығаруға рұқсат беріп отыр.

Даниэль Мартинез, жобаны әзірлеуші:

- Қазір әлемде бетперде жетіспей жатқандықтан, біз микробқа қарсы бірегей маска шығаруды ұйғардық. Оны әлемнің кез келген жерінде басып шығаруға болады. Көп мәрте пайдалануға да мүмкіндік бар. Жобаны Ұлттық денсаулық сақтау институтына ұсынғанымда олар бұл бастаманы қолдай кетті.