Хабар телеарнасы

«Соңғы үміт 2» телехикаясы басталады

«Хабар» арнасы көрерменге кезекті туындысын ұсынады. Бүгін 21:45-те «Соңғы үміт» телехикаясының 2-маусымы басталады. Жоба ата-ана, перзент қадірі, жалпы отбасы құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге арналған. Фильм сценарийі әртүрлі шиеленісті оқиғалармен өрбіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпегеннің соңы, неге апарып соғатынын көрсетеді. Екінші маусымда түрлі көзқарасты ұстанатын кейіпкерлердің кейінгі өмірі, қандай өзгерістерге ұшырайды. Дүйсенбі-жұма күндері «Хабар» арнасынан жіберіп алмаңыздар!