Хабар телеарнасы

«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды

«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды

Жасын Біркенов «Хабар 24» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Жасын Ерсінұлы бұған дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры қызметін атқарған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастап, әр жылдары МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», «Қазақстан» және «7 канал» телеарналарында жұмыс істеген.

Сондай-ақ әр жылдары «Хабар 24» телеарнасының Украина мен Өзбекстан елдеріндегі меншікті тілшісі, «Сұхбат», «Өзекті», «Тексердік», «Баспасөзге шолу», «Әкім» бағдарламаларының авторы және жүргізушісі, жаңалықтар бөлімінің бас редакторы және телеарнаның шеф-редакторы болған.