Хабар телеарнасы

Үлкен теннис - «Хабар» және «Elarna» телеарналарында

Үлкен теннис - «Хабар» және «Elarna» телеарналарында

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев пен Федерацияның баспасөз қызметінің жетекшісі Павел Цыбулинмен кездесті.

Тараптар Агенттік пен Федерация арасындағы әріптестік байланысты нығайту туралы әңгімелесіп, биыл 26-қыркүйек пен 3-қазан аралығында өтетін ATP 250 ASTANA OPEN 2023 турнирін «Хабар», «Elarna» телеарналарынан көрсету жайын талқылады.

Айтулы турнирде атақты, үздік теннисшілер өнер көрсетеді. Қазақстанның ерлер құрамасынан бөлек әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына кіретін спортшылар бар. Алдағы турнирге қызығушылық танытып отырған елдер өте көп. Біздің арналар арқылы көрсетілетін турнир ойындары 80 елге тарайды.

Осылайша «Хабар» мен «Elarna» телеарналары АТР 250 АSТАNА ОРЕN турнирінің Бас хабар таратушылары, ал «Хабар 24» телеарнасы турнирдің жаңалығын жеткізетін басты арна ретінде қызмет көрсетеді.

Қазақстан теннис федерациясының өкілдері орайы келгенде өткен жылғы АТР 250 АSТАNА ОРЕN турнирі кезінде бірге атқарған жұмысқа алғыс білдірді.