01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Хабар» Агенттігі Иранның медиакомпаниясымен меморандумға қол қойды

«Хабар» Агенттігі Иранның медиакомпаниясымен меморандумға қол қойды

«Хабар» Агенттігі Иран Ислам Республикасының телерадио хабар тарату компаниясы – IRIB-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Құжатқа Қазақстан Республикасы Президентінің Тегеранға ресми сапары барысында Мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылды.

«Мақсатымыз – Агенттік телеөнімдері мен брендін жаңа нарыққа шығарып, ілгерілету. Тиісінше, кәсіби және техникалық тұрғыдан өзара тәжірибемізбен және телеөнімдерімізбен алмасуды, бірлескен жобаларды іске асыруды, Иранның БАҚ саласындағы іс-шараларына қатысуды көздеп отырмыз», ­­­– деді «Хабар» Агенттігі АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли.        

Анықтама үшін: IRIB (Islamic Republic of Iran Broadcasting) телерадиохабар тарату компаниясы – 1979 жылы құрылған Азиядағы ең ірі медиакомпаниялардың бірі. Иранның жетекші хабар таратушысының құрамына 12 ұлттық телеарна, 4 халықаралық жаңалықтар арнасы, халықаралық аудиторияға арналған 6 спутниктік арна, сондай-ақ 30 аймақтық арна кіреді. Барлық телеарналарды спутниктік және кабельдік теледидар арқылы көруге болады.

Сондай-ақ...