Хабар телеарнасы

«Індетпен күрескен Қазақстан». Вакциналау тарихы. 1-бөлім

Жаһандық пандемия. Сақтық шарасы. Ғылымның індетпен күресі. Бұл қазір әр мемлекет ұстанып отырған қағида. Соңғы бір жарым жылда әлем бойынша 3 млн-нан аса адам қайтыс болды. Бұл көрсеткіш вирустың қаншалықты қауіпті екенін аңғартты. Вирусқа шалдыққандардың саны 145 млн-нан асады. Әлем ғалымдары жұдырықтай жұмылып, озық технологиялардың көмегімен осы вирусты жан-жақты зерттеуге кірісті. Ал Қазақстанда инфекция жұқтырғандардың саны 300 мыңнан асты.