01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
Фото: riabir.ru

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып (көбінесе жаңбыр), жел күшейеді.

Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Солтүстк Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, күндіз найзағай бақыланады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Сондай-ақ...