Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде жел күшейеді, батысында және оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауылмен соғады, солтүстікте кей жерлерде тұман болады. Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, түнде және таңертең найзағай болады, тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде найзағай болады. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болып шаңды дауылмен бірге күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтілуде.

Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейеді. Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында ыстық ауа райы күтілуде, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады. Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, кей жерлерде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы күтілуде. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақпарат көзі: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі