01:00Эфирде: ҚР Әнұраны
05:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 138
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

  • Категория: Ауа райы
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Қазақстан территориясы антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және шығыста атмосфералық фронттардың өтүіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтілуде, жел 15-20 м/с Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз таулы аймақтың кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Ақмола облысының жекелеген аудандарында найзағай жарқылдайды. 

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.   

Ақтөбе, Атырау, Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ...