Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Тек батыс аймағының кей жерлерінде жаңбыр жауып өтеді. Кей жерлерде  тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады.

Жамбыл облысында тұман болып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан,  күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.  Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.